Қоғам • 22 Мамыр, 2024

Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбы ашылды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы білім басқармасының келісімі бойынша Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері білім бөліміне қарасты №101 мектептің оқу ғимаратында Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбы ашылды

Фото: gov.kz

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған кадет сыныбын құрудың мақсаты  –  түрлі төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту, өрт қауіпсіздігінің алдын алу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем жасауды үйрету, жас ұрпақты нағыз патриот етіп тәрбиелеу. 

Кадет сыныбы оқушыларына құтқарушылардың үлгісі бойынша арнайы нысанды киім және әскери парадқа киетін нысанды киім әзірленіп, тігілді. Сынып кабинеті арнайы стендтермен, өрт сөндіру-құтқару құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. 

п