Фото: @kazatu.official
Инновациялық өнімнің басты артықшылығы – құны төмен, нарықтағы сапасы жоғары, экологиялық өнім саналады. Сонымен бірге аталған технологияның нарықтағы өзектілігі – кірпіш өндіру үшін жаңа композициялық материалдарды пайдалану техникалық және экономикалық тұрғыдан негізделген. Бұл тұтынатын материалды азайтып қана қоймай, өндіріс шығынын 20 пайыздан астамға төмендетіп, кірпіштің сортын 50-ден 250 МПа-ға дейін арттырады.
Технологияның бірегейлігі мен жаңалығы – Екібастұз көмірінің күлін кәдеге жарату арқылы гиперпресстелген кірпіш өндіру технологиясына жаңа материалдар мен қалыптау режімдері пайдаланылады.
Бұл үшін құрал-жабдықтар толығымен алынып, цехқа желі орнатылды. Қазір өндірістік жүйе іске қосылып, қажетті шикізат пен материалдар жеткізіліп отыр. ГОСТ 1078, ГОСТ 31108 сәйкес өндірісте қолданып байланыстыратын материалдарды сынау бойынша тиісті тәжірибе жасалды. Құрамында өндіріске қажетті цемент пен күлі бар композициялар сынақтан өтті. Кірпішке арналған қоспалардың технологиялық параметрлері анықталып, қалыпты тығыздық, күл мен күлді қосатын цемент пастасы физикалық-механикалық сынаулар арқылы, ал күлдің түсуін бақылау өндірісте қолданылатын қоспалардың қауіпсіздігін көрсететін рентген-флуоресценциялық талдау арқылы жүргізілді.
Шикізаттардың, қоспалардың және шыңдалған материалдардың параметрлерін бақылау белгілі стандартталған әдістер бойынша: ГОСТ 30744-200, ГОСТ 10178, ГОСТ 3108, ГОСТ 8736-2014 арқылы атқарылды. Шикізат сапасының барлық көрсеткіші цемент үлгілерінің майысу және сығымдалуын сынау арқылы анықталды. Барлық өнімділік көрсеткіші физикалық және химиялық талдау деректерімен және жоғары қысымды электронды микроскопиялық деректермен расталды.
Өнімдер нарыққа шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен «Astana Garant Consulting» ЖШС семинары арқылы шығарылады.
Биыл технологиялық көрсеткіштердің сапасын қамтамасыз ету, гиперпресстелген кірпіш өндірудің технологиялық регламентін дайындап, өнімді сынау және сертификаттауға әзірлеп, дайын өнімді өткізу міндеттері қойылды. Қазір өнімді сертификаттау жұмыстары аяқталуға жақын.
Университет ғалымдарының айтуынша, гиперпрестелген кірпіштер өндіріс қалдықтарын пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғауға да айтарлықтай үлесін қоспақ.