Алматыда ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтуде
Оңтүстік астанаға 15 елдің математикаға жүйрік жеткіншектері жиналған болатын. Осылайша Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында математика, физика және информатикадан ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды. Олардың арасында аталмыш олимпиаданың бас жүлдесін сегіз рет қатарынан жеңіп алған, Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының (СУНЦ) оқушылары да бар. Олимпиаданы ұйымдастырушы – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және РМФМОМИ, ал қолдаушысы – Алматы қаласы әкімдігі. Бұл күнде әлемнің әр шалғайындағы есепке жүйрік балалар арасында танымал Жәутіков олимпиадасын Білім және ғылым министрінің орынбасары Есенғазы Иманәлиев ашып берді. Мұнан кейін сөз алған белгілі математик, ғалым Асқар Жұмаділдаев: – Жыл сайынғы Жәутіков олимпиадасы тұрақты дәстүрге айналған білім додасы деуге болады. Математика – дүниенің барлық түкпірінде 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін оқытылатын бірден-бір пән. Екі жердегі екі Алматыда да – 4, Мәскеуде де – 4. Саясат өзгереді, өмір өзгереді, бірақ, математика өзгермейді. Жастарға табыс тілеймін, – деді. Биылғы олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия сияқты әлемнің 15 елінен 58 команда (391 қатысушы) қатысуда. Халықаралық қазылар алқасы құрамында әлемнің 9 елінің ғалымдары жұмыс істеп отыр. Қазылар алқасына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов төрағалық етуде. ХЖО 11 жыл бойы өзін жақын және алыс шет елдердің мамандандырылған үздік мектептерінің жекелеген рейтингтері мен мықты командаларының рейтингтерін шығаратын әлемде теңдесі жоқ бірегей олимпиада ретінде таныта білді. Дәстүр бойынша жеңімпаз команда Гран-при иегері атанады. Жеңімпаз командалар мен олимпиада жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады. Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарына Назарбаев Университетінің білім гранттары беріледі. Сонымен қатар, Назарбаев Университетіне қабылдау ережесі және академиялық бағдарламасы туралы, сондай-ақ, Қазақ-Британ университетіне қабылдау ережесі туралы тұсаукесер өтеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша олимпиаданы жоғары деңгейде өткізуге олимпиаданың тұрақты бас серіктесі «РМФМОМИ түлектерінің қоры» ҚҚ мен «Microsoft Kazakhstan» компаниясы қолдау көрсетуде. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.Азия чемпионаты: Ерлер арасында ел қоржынына екінші алтын түсті
Спорт • Бүгін, 16:00
Түркістан облысының қорғаныс департаменті басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:50
Өскеменге жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:33
Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды
Бокс • Бүгін, 15:05
Махмұд Сабырхан ерлер арасындағы алғашқы алтынды еншіледі
Бокс • Бүгін, 14:53
Оқиға • Бүгін, 14:40