Аймақтар • 23 Мамыр, 2024

Шымкент әкімдігінің 26 қызметкері жауапқа тартылды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімдігінің 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент әкімдігінің 26 қызметкері жауапқа тартылды

Фото: opennews.kz

Қала прокуратурасы тексеру барысында жергілікті әкімдік қызметкерлері сот сенімді деп таппаған кәсіпкерлерді мемлекеттік күмәнді сатып алушылар тізіміне қоспағанын анықтады.

«Бұл жауапсыздық сенімсіз кәсіпкерлерге конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасауға мүмкіндік беретін еді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 29 күмәнді кәсіпкер жоғарыда аталған тізімге енгізілді», делінген хабарламада.