Қоғам • 23 Мамыр, 2024

Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымына дайындықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып жатыр. Мәселен, Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су жиналды. Осыған дейін Өзбекстанмен «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген еді.

«Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жөндеу және құрылыс жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Мысалы, Шардара ауданында 302 тік дренажды ұңғыма жөнделіп жатыр. Сондай-ақ кәсіпорынның қарамағындағы 600 шақырымнан астам канал тазартылды», деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.