Елорда • 23 Мамыр, 2024

Елордада Отбасы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отбасы күні мен алдағы балаларды қорғау күніне орай Астанадағы қалалық алаңда халықтың әлеуметтік осал топтары мен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін «Отбасы – бақыт мекенім» атты мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Отбасы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя отбасы институтын қолдау орталығы» КММ ұйымдастырған іс-шараға мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар, орталықтың сүйемелдеуіндегі аз қамтылған отбасылар қатысты.

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Зүлфия Сәдуақасова іс-шараның басты мақсаты қуанышты, мерекелік және мейірімді атмосфера құру екенін айтты.

«Біз іс-шараға қатысушылардың мерекеге белсенді қатысуға деген ұмтылысын оятуға тырыстық, өйткені концерттік бағдарламадан басқа, олар үшін аниматорлармен ойын-сауық, тоқу бойынша шеберлік сабақ, сондай-ақ тәтті тағамдар дайындадық. Біздің аудитория – көп балалы отбасылар, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар. Бүгінгі іс-шараға олар тікелей қатысты, концерттік бағдарламада ересектер де, балалар да өнер көрсетті, осылайша, өздерінің шығармашылық әлеуетін ашты. Біздің орталықтан басқа, іс-шараны ұйымдастыруға Астананың әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы қатысты. Бізді Сарыарқа ауданының әкімдігі мен тоқу бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырған «Шеберлік жолы» ҚҚ қолдады», деді Зүлфия Сәдуақасова.

щ

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Жазира Орынбаева «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында психологиялық және заңгерлік кеңес алатынын айтты.

«Сондай-ақ мен әлеуметтік қорғау, балабақшаға кезекке тұру, баспана алу мәселелері бойынша тегін кеңес аламын. Бізге азық-түлік және кеңсе тауарлары түрінде демеушілік көмек көрсетіледі. Орталықта әртүрлі мерекелерге концерттер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады, оларға біз де қатысамыз. Бүгін менің қыздарым өнер көрсетті, олар әнді орындады және биледі, сол үшін сыйлықтар алды. Мен Орталықтың қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, олар әрдайым кездесіп, қойылған барлық сұрақтарға сауатты және дұрыс жауап беріп, қалай әрекет ету керектігін айтады», деді көпбалалы ана.

ш