Технология • 24 Мамыр, 2024

Мүмкін емес, бірақ шындық

89 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нейрология және биомедициналық инженерия саласындағы «BrainBridge» стартапы әлемдегі алғашқы бас трансплантациясын жүзеге асырмақшы. Олар жобаның 3D моделін дайындап, оның қалай жұмыс істейтінін әлеуметтік желіде жариялады.

Мүмкін емес, бірақ шындық

Жоба жетекшісі, биотехнолог Хашем әл-Гайлидің айтуынша, «BrainBridge» тұжы­рымдамасының әрбір қадамы ғылыми зерттеулер негізінде мұқият ойластырылған. «Біз­дің мақсатымыз – жасанды интеллектінің мүмкіндігін барынша пайдаланып, медицина ғылымының шекарасын кеңейту, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін жағдайлармен күресу үшін инновациялық шешімдерді ұсыну. Егер тех­никалық-экономикалық негіз­де­мелер жақсы нәтиже бе­ріп, команда толық жиналса, сегіз жыл ішінде алғашқы операцияны жүргізудің жол картасын жүзеге асырамыз. Біз бірнеше жыл бұрын елес­тету мүмкін болмаған меди­циналық әдісті жасауға сенімді түрде уәде бе­ре­міз», деді Хашем әл-Гайли.

Айта кетейік, операция толығымен жасан­ды интел­лект негізінде роботтар ар­қылы жүзеге асады. Яғни қон­дырғы бір уақытта екі денеге қатар ота жасайды. Дегенмен, мұндағы басты ке­дер­гілердің бірі – трансплан­та­ция кезінде жүйке мен жұлын­ның зақым­данып қалмауы. Егер осы жерден қателессе, басын ауыс­тырған кез келген адамның өзі мойыннан төмен сал болып қалады.

Қазіргі уақытта компания осы кедергілерді еңсеру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік мамандарды жинап жатыр. Үдеріс мұнымен тоқтап қалмайды, жоба жетекшісінің айтуынша, бет транспланта­ция­сын жасау да жоспарланып отыр. Алғашқы тіркелген бас транс­плантациясы 1908 жылы итке жасалды, бірақ нәтиже бол­маған еді. Одан соң Доктор Вла­димир Демихов 1950 жылдары иттерге бас транспланта­циясын сәтті жасады. Бірақ ота­дан кейін жануар жиырма үш күн ғана өмір сүрді. 1970 жыл­дары ғалым Роберт Уайт май­мылдарға бас трансплан­тациясын жасады. Сегіз күн бойы жа­нуардың жүрегі соғып тұр­ға­нымен, денесін қозғалта алмады.

Осылай! Жасанды интел­лек­тінің кернеуі күннен-күнге күшейіп, сәт сайын небір жаңа­лықтар ашып жатыр. Жай жа­ңа­­лық емес: таңғалдырарлық әрі қорқынышты...

«BrainBridge» жобасының авторы бұл жүйе ем­делмей­тін қатерлі ісік, Альц­гей­мер және Паркинсон сияқ­ты ней­родегенеративті аурулар­дан зардап шегетін науқастар­ға жаңа үміт сыйлайтынын айтады.