Заң • 24 Мамыр, 2024

Әзілкеш 15 тәулікке қамалды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы сот стендап-әзілкештің ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әзілкеш 15 тәулікке қамалды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде өнер көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Ол кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

«Сот айыпталушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», делінген Жоғарғы сот хабарламасында.