Заң • 24 Мамыр, 2024

Мал ұрлығымен айналысқан 65 адам сотталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың басынан бері мал ұрлығын кәсіп еткен 200-ден астам адам, оның ішінде, 26 қылмыстық топ құрықталды, деп жазады Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сілтеме жасап.

Мал ұрлығымен айналысқан 65 адам сотталды

Фото: Ақтөбе облысының Полиция департаменті

ІІМ өкілдері өңірлердегі қылмыстың осы түрімен күресті жолға қойған. Осы мақсатта жүйелі түрде мал базарлары мен ет өнімдерін сататын орындар, мал сою цехтары тексеріліп тұрады. 

Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топтар анықталды. Қаскүнемдер ұрлаған малды жүк көлігіне тиеп, әкетіп отырған. Негізгі күдіктілерден бөлек ұрланған малды тасымалдаушылар және сатып алушылар да ұсталды.

Нәтижесінде, биыл жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 65-тен астам адам сотталды. Сотты болғандардың жартысы 5 жыл мерзімге темір торға тоғытылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» деген жеке бап енгізілді.

Құқықтық жауапкершілік күшейтілгеннен бері Қазақстанда соңғы 5 жылда мал ұрлығы 32%-ға төмендеді.