Қоғам • 24 Мамыр, 2024

Заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырғандар әшкереленді

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте ҚМА қызметкерлері заңсыз майнерлердің қылмыстық әрекетін  әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырғандар әшкереленді

Фото: Руслан Пряников

ҚМА мәліметінше, бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.

«Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндіруге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып, тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл саладағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, белгілі бір тәуекелдердің туындауына алып келеді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.