Елорда • 24 Мамыр, 2024

Астанада қар жауады - синоптиктер

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандар Астана тұрғындары мен қонақтарына алдағы үш күнде жауын-шашын, соның ішінде қар жауатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz 

 

Астанада қар жауады - синоптиктер

Фото: depositphotos.com

Болжам бойынша, 25 мамырда елордада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын ( жаңбыр қарға айналады ), күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады 9-14, екпіні 15-20 секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 градус жылы болады.

26 мамырда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады), күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы.

Дүйсенбі, 27 мамырда Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа бұрылып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы болады.


Алтынай АБДЫШ,

ЕҰУ студенті 

depositphotos.com

depositphotos.com