Жәдігер • 24 Мамыр, 2024

Қаңлы дәуіріне тиесілі қазына

118 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы аумағындағы Төлебайтөбе қорымында қазба жұмыстарын жүргізген Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ археология орталығының ғалымдары үш обаның екеуі көне заманда тоналғанын айтады. Ал үшінші обадан біздің заманымызға өте құнды жәдігерлер табылған.

Қаңлы дәуіріне тиесілі қазына

Атап айтқанда, құмыра, Хань кезеңіне тиесілі қола айна, Рим кезеңінде қолданыста болып, түй­ре­уіш рөлін атқарған фи­була, сырға, майда бисер мен қолға тағуға арналған ірі мон­шақтар табылды. Аяқкиі­м мен белдіктің тоғасы, құс аулау үшін арнайы жасалынған жебе ұшы да бар. Алтынмен қап­талып, кө­гілдір ақық және асылтас рубинмен әшекейленген поли-хром стилінде жа­салған сыр­ғаның пішіні ай тәрізді. Сармат-қаңлы дәуіріне тие­сілі әшекейдің аст­ыңғы жиегі жүзімнің дәні сияқты жасалған, сегіз қыры күн шуағы іспеттес.

а

Зерттеушілер жә­ді­герлердің бірі – Қаңлы дәуі­ріне тиесілі Хань әулетінің айнасы қайтыс болған адамның жоғары дәрежелі қызметте болғанын, оны бай-қуатты адамдар ғана қол­данғанын айтады. Әйел адамның қабірінен табылған қола айнаның пішіні дөң­гелек, ортасында жіп өт­кізуге арналған тесігі бар, ал беткі жағы 8 аркалы. Бұған дейін ұқсас айналар Кушан империясының орталығы Ауғанстан аумағындағы Тилля тепе қалашығынан және оң­түстік Оралдағы сармат патшаларының жерлеу орындарынан кездес­кен екен. Археологиялық экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының док­­торы, профессор Алек­­­­сандр Подушкин табылған жә­дігерлер Қаң­­­­лы мемлекеті мықты, қуат­ты империя­лар­­мен бай­ланыста бол­ған­ды­ғын білдіретінін а­й­тады. Ұлы Жібек жо­лы­ның орталығында ор­на­лас­қан Батыс пен Шы­ғыс­­ты жалғастырған сау­да-саттықты дамытып, үл­­­кен қалаларды гүл­ден­­­­дірген Қаңлы мемле­ке­­тімен кейінгі Рим, Ви­зантия, Кушан, Қытай тең дәрежеде дип­ломатиялық қарым-қатынаста болған. Қаңлы мемлекетінің құ­рамына азия­лық сармат, сюн­ну(хунну), қаңлы мен кейінгі сақтар кірген. Ал жерлеу орнының уақыты б.з.д. II ғасыр мен б.з. IV ғасыр қам­­­тиды. Жәдігерлер тари­хи құндылығына қарай Ұлт­тық музейге тапсырылатын болады.

 

Түркістан облысы