Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

95 жасында Қазақ тағамтану академиясының президенті, белгілі нутрициолог Төрегелді Шарманұлы Шарманов дүниеден озды. Қайғылы қазаны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Министр Ақмарал Әлназарова  әлемдік денсаулық сақтау саласының аңызына және отандық медицина мақтанышына айналған академик Төрегелді Шармановтың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

Ол Төрегелді Шарманұлының еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі және оның медициналық қоғамдастыққа ғана емес, республиканың барлық азаматтарына көрсеткен көмегін баға жетпес деп бағалады.

«Ол бүкіл өмірін отандық медицинаны дамытуға арнады.
12 жыл бойы Төрегелді Шарманұлы Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды. 1974 жылдан бастап еліміздің жетекші ғылыми ұйымдарының бірі – Қазақ тағамтану академиясының тұрақты басшысы болды.

Төрегелді Шарманұлы әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - Еңбек ері атағын, сондай-ақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - Леон Бернард сыйлығын қоса алғанда көптеген марапаттарға ие болды, бұл оның халықаралық аренадағы айрықша еңбегін көрсетеді», делінген министрдің қазанамасында.

Академик Шарманов Төрегелді Шарманұлының есімі медицина тарихына алтын әріптермен жазылған және болашақ ұрпақ үшін үлгі болады.