Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу рәсімі өтті

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 25 мамыр Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына - 100 жыл. Мерейтой аясында батырды еске алу, ерлігіне құрмет көрсету шаралары елдің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу рәсімі өтті

Фото: Құрлық әскерлерінің әскери институты

Сондай шараның бірі Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери институтында өтті.

Еске алу жиынында Қазақстан қорғаныс министрлігінің қолбасшылары, офицерлік құрам мен институт оқытушылары, курсанттары Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ батыр-генералдың 100 жылдық мерейтойы күні Құрлық әскерлері Әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында  көктемгі шақырылымдағы 46 сарбаз Отан мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

оо

Шараға сарбаздардың жақын-жуығы мен туыстары да қатысты.

лл

Сарбаздар 1 ай бойы жауынгерлік курсты меңгеріп, жалпы әскери жарғыларды, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын оқып, оқу-жаттығу, атыс және дене шынықтыру тұрғысынан дайындалды. 
«Бүгін біз үшін маңызды күн – әрбір әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болатын айтулы шара. Бұл мен және қаруластарым үшін - үлкен мәртебе! Отан игілігі үшін қызмет ету – менің жеке қалауым, әр жігіттің борышы деп білемін», деді сарбаз Оспан Ерғали.

Ант қабылдау шарасы салтанатты маршпен қорытындыланды.

лл

Жиыннан кейін «Әли» оқу орталығының басшылығы жас сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, әңгімелесті. Ата-аналардың көкейіндегі сауалдарға  жауап берді.

Сондай-ақ ата-аналар қызмет көрсету орындары, казарма, асхана нысандарын аралап көрді. 

рр