Оқиға • 26 Мамыр, 2024

Қостанайда үш жасар бала терезеден құлап кетті

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Фото: azattyq-ruhy.kz

 

Бала түрлі жарақат алып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

«Сағат 13:25-те 2021 жылы туған бала түскен. Диагнозы: тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап, жарақат алған. Баланың бел аймағындағы жұмсақ тіндер көгерген. Оның жағдайы орташа ауыр», деп мәлімдеді Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомство науқастың облыстық балалар ауруханасында толық ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.