Аймақтар • 27 Мамыр, 2024

Алматыда заңсыз салынған ірі нысан сүрілді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Қайрат шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі құрылыс нысаны бұзылды. Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесі нысанды рұқсатсыз салғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда заңсыз салынған ірі нысан сүрілді

Фото: gov.kz

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтатып, нысанды сүру бойынша 1-баптың 316-бабы бойынша әкімшілік шаралар қабылдаған. Алайда  меншік иесі нұсқаманы орындамады, осыған байланысты іс сотқа жіберілді.

2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімі заң аясында басқарма пайдасына шешілді. Сот үкімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.

Айта кетейік,  өткен жылдан бастап Алматыда 35 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды. Оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.