Қылмыс • 27 Мамыр, 2024

Қонақ үй кассасынан ақша ұрлап кеткен елордалық ұсталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрланды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қонақ үй кассасынан ақша ұрлап кеткен елордалық ұсталды

Фото: Polisia.kz

Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Анықталғандай, ер адам түнгі уақытта есігі ашық қалған қонақ үйді байқаған, күзетшінің және әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Қомақты соманың жартысын керегіне жаратып үлгерген.

Хабарламада: «Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, күдікті кінәсін мойындады. Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған тағы екі ұрлық фактісіне қатысы бар екені анықталды», делінген.