Қазақстан • 27 Мамыр, 2024

ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет пайда болады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылады. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет пайда болады

Фото: polisia.kz

Жаңа комитет есірткі қылмысына қарсы күреспен айналысады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылсын», делінген қаулы жобасында.

Ішкі істер министрлігі қазіргі есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті мамандандырылған комитетке айналатынын атап өтті.

«Жаңа комитет бөлімшелеріне қосымша өкілеттіктер мен штат саны бөлінеді», делінген хабарламада.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті