Фото: polisia.kz
Қылмыстық топқа 4 адам мүше болған. Олар көліктен 70 миллион теңге мен қаруларын алып, оқиға орнынан іздерін суытқан еді.
Сол кезде криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталып, олардан 30 миллион теңге ақша тәркіленген еді. Ал төртінші күдікті қашып кеткен еді. 38 жастағы қылмыскер Алматы облысында қолға түсті. Сот барысында алдын ұсталған 3 қылмыскер әрекеттерін мойындамай, кінәні қашып кеткен адамға аудармақ болған еді. Олар 10 жылдан 11,3 жылға дейін сотталды.
Төртінші күдікті 4 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылады.