Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Ұлжан Сәрсенбіктің қарсыласы америкалық Шэра Мэй Патрицио болды.
Үш раундта да басымдығын дәлелдеген Шэра Мэй Патрицио Қазақстан боксшысын қапы қалдырды.
Осылайша, Париж олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан Бангкоктегі бәсекеде алғашқы жеңіліс тіркелді.
Сәйкесінше, бокстан қыздар құрамасы сапынан 54 кг салмақ дәрежесінен ел атынан ешқандай спортшы Парижге жол тартпайды.