Қоғам • 29 Мамыр, 2024

Кітап оқудан жарысты

89 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын, оқу белсенділігін арт­тыру, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту мақ­сатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында кітап оқу ар­қылы әлемге деген қызығушылық мектептен қалыптасуға тиіс екенін айтқан болатын. Осы орайда «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясын­да «KitapХАН» кітап оқыту әдісі ұйымдастырылып, оның жыл­дық қорытындысы Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музы­ка мектебінде өтті.

Кітап оқудан жарысты

Жобаның апталық, айлық кезеңдерінің үздіктері жылдық финалға шығып, «KitapХАН» жеңімпазы анықталды. Облыста кітап оқу сайысына жалпы 1000 мектеп ішінен 80 мың мұғалім, жарты миллион оқушы қатысып, соның ішінде ақтық мәреге 21 үміткер жолдама ұтып алды. Финалдық кезеңде іріктеуден өткен қатысушылар белгілі ақын-жазушылардың еңбектерінен үзінді оқып, қоғамда кітап оқудың ма­ңызына ерекше мән берді. Сондай-ақ өздері оқыған кітабын 7 минутта қорғап, нәтижесін бөлісті. Байқауда басшылық құрам арасынан Төлеби ауда­ны Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Лаззат Сандыбаева, ал ұстаздар арасынан Арыс қаласы Жиделі жалпы білім беру мекте­бі физика пәнінің мұғалімі Нұрсұлу Алышева, оқушылар арасынан Отырар ауданындағы С.Әшірбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Таңшолпан Қалдыбай «KitapХАН» жеңім­пазы атанды.

Финалға шыққан барлық үміткерге Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының демеу­шілігімен құнды, ба­ға­лы сыйлықтар табысталды. Атап айт­қанда, мектеп оқу­шыларына 8 велосипед, 5 мектеп директоры мен 8 мектеп мұғаліміне 13 теледидар тарту етілді. Белсенділік танытқандарға «Құрмет» грамотасы берілді. Іс-шараны облыстың білім басқармасына қарасты Білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырды.

 

Түркістан облысы