Аймақтар • 29 Мамыр, 2024

Қызылордада экстремистік материалдарды таратқан тұрғынға сот үкімі шықты

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы       іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы әйелдің Телеграмм месенджері арқылы экстремистік материалдарды таратқаны анықталды.

Қызылордада экстремистік материалдарды таратқан тұрғынға сот үкімі шықты

Фото: ашық дереккөз

Зерттеу барысында қала тұрғынының деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігі белгілі болды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша  кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50