Экономика • 29 Мамыр, 2024

Qazaq air әуе компаниясын кім сатып алды?

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс алаңында Көлік министрі Марат Қарабаев Qazaq Air әуе компаниясының сатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Qazaq air әуе компаниясын кім сатып алды?

Фото: sk.kz

«Әуе компаниясының сатылымынан бастайық. Бұл VietJet Air компаниялар тобы, оның қазірдің өзінде 184 ұшағы бар және бұл компанияның бірнеше міндеттемелері бар. Бірінші міндет - Qazaq Air-дің 38 миллиард теңгені құрайтын қарызын толығымен жабу.  Екінші маңызды міндет – Қазақстанда қосымша 20 ұшақты тіркеу», деді министр.

Қарабаевтың айтуынша, компания Қазақстанға 50 ұшақ тартуды жоспарлап отыр.

«Ұшу борттары жеткілікті болған кезде қамтамасыз етіледі. Бұл ұшақтарды біздің нарыққа еніп жатқан Vietjet компаниялар тобы жеткізеді. Әрине, бәсекелестіктің күшеюіне байланысты бұл әуе билеттерінің құнына әсер етеді», деп қосты Марат Қарабаев.

Еске сала кетейік,  Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық SOVICO Group компаниясы сатып алған болатын.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті