Есірткі • 29 Мамыр, 2024

Есірткі таратқан 8 интернет-ресурс бұғатталды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі таратқан 8 интернет-ресурс бұғатталды

Сотпен анықталғаны, «Telegram» мессенджері мен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған.

Сатып алу нұсқаулары бар интернет-ресурстарда тыйым салынған заттар туралы ақпарат ұсынылған. Сонымен қатар есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігі қарастырылған.

«Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың қызметін тоқтатты. Соттың шешімі заңды күшіне енді», делінген ведомство хабарламасында.