Аймақтар • 29 Мамыр, 2024

1100 үй орталық су және кәріз жүйесіне қосылады

53 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық қалалар мен аудандарда ауқымды жұмыстар атқарылды және бұл қарқын бәсеңдемейді. Барлық жерде жолдар, қоғамдық орындар мен аулалар ретке келтіріліп жатыр. Сондай-ақ тұрғындарға коммуналдық игіліктерге қол жеткізу қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

1100 үй орталық су және кәріз жүйесіне қосылады

Облыс орталығының Сахалин кентінде су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін 1 100-ден астам тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады.

Жұмысшылар мамыр айының ортасында Сахалинде желілер құрылысын бастап кетті. Жоспар бойынша шамамен 9 шақырым су құбырлары және шамамен 4,5 шақырым кәріз құбырлары салынады.

«Сахалин кентінде су құбыры және кәріз желілерін салу жобасы халықтың таза ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі өңірлік бағдарламаларды орындау шеңберінде іске асырылып жатыр. Қазір мердігер белсенді жұмыс істеп жүр. Шамамен 1,5 км сумен жабдықтау құбырлары және 300 метр кәріз жабдықталған. Жұмыстар бір мезгілде екі бағытта жүргізіліп жатыр. Жобаны биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін міндетті түрде асфальттау жұмыстарын жүргіземіз», дейді қалалық ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жанболат Тоқмұрзин.

Мердігердің айтуынша, материалдар мен жұмыс күшіне қатысты мәселе туындап отырған жоқ.

Саран зауытынан жергілікті өндірушілердің құбырлары мен темірбетон сақиналары қолданылады. Жаңа желілерге төрт көшенің тұрғындары қосыла алады: Тельман, Коммунистік, Линейная және Литвин. Бұл шамамен 400 үй. Құрылыс келешекті ескере отырып жүргізіліп жатыр, болашақта қосымша абоненттерді қосуға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, бүгінде Қарағанды облысында тұрғындардың 99,2 пайызы орталық су жүйесіне қосылған. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін билік басындағылар 2025 жылдың соңына дейін толығымен жабуды көздеп отыр.

 

 

Қарағанды облысы