Фото: Атырау облысы ТЖД
ТЖМ 29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болғанын мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, азаматтық қорғау сержанты суды сору бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапты. Қазір оның өлімінің нақты себептері анықталып жатыр.
«Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.