Фото:gov.kz
Мемлекет басшысынан Жоғарғы Сот судьясы Ибрашев Талғат Әулиеханұлын басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс түсті.
«Комитет өзінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ұсынысын қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Президент ұсынымы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, Парламент және оның депутаттары мәртебесі туралы заңның 22-бабына, Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы заңның 34-бабына 1-тармағының 8-тармақшасына, 3-ші тармағының 1-ші тармақшасына сәйкес, Комитет Парламент Сенатына Талғат Әулиеханұлы Ибрашевті басқа қызметке тағайындауына байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатуды ұсынады», деді комитет басшысы Нұрлан Құдиярұлы.
Сенат депутаттарының дауыс беру нәтижесінде қаулы қабылданып, судья қызметінен босатылды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті