Аймақтар • 30 Мамыр, 2024

Қазақстандағы жаңа қаланың болашақ келбеті таныстырылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Алатау қаласының жобасымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандағы жаңа қаланың болашақ келбеті таныстырылды

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Алатау қаласының әкімі Әркен Өтеновтің Арнайы экономикалық аймақты дамыту перспективасы туралы баяндамасын тыңдады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында 96,6 мың гектарда жалпы сомасы 383 млрд теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жоспар жүйелі жүзеге асса 7 мың тұрғын жұмыспен қамтылады.

Олжас Бектенов қала әкімшілігіне әлеуметтік, инженерлік және тұрғын үй жобаларын сапалы іске асыруда жауапкершіліктің салмағы ауыр болатынын атап өтті.

Үкімет қаулысымен Алатау қаласының Бас жоспары бекітілді. Оған сәйкес жобалау шеңберінде құрылыстың биіктігін – қаланың орталық бөлігінен оның шекарасына қарай төмендету көзделген.

«Нәтижесінде біз Алматының маңында туристік әлеуетті белсенді арттыра отырып, өнеркәсіптік, білім беру және логистикалық орталыққа айналатын ірі мегаполис құруды қамтамасыз етуіміз керек. Бас жоспардың әрбір тармағының іске асырылуын бақылауда ұстау, сондай-ақ бірінші кезектегі ірі жобаларды рұқсат құжаттамасымен қамтамасыз ету үшін қала аумақтарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді жеделдету қажет», деді Олжас Бектенов.

 рр

лл

зз