Спорт • 30 Мамыр, 2024

Екі Қазақстан азаматы Париж Олимпиадасында төрелік етеді

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасындағы күрес түрлерінен өтететін жарыстарға еліміздің екі азаматы қазылық етеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Екі Қазақстан азаматы Париж Олимпиадасында төрелік етеді

Фото: olympic.kz

Төрешілер тізімін Біріккен күрес әлемі (UWW) жария етті.

Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар - Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай.

Игорь Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен еді. 

Айта кетейік, Қазақстан командасында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.