Гүлдендіру жұмыстарын «Жасыл қала Қонаев» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүзеге асырып жатыр. Жыл басынан бері аталған мекеме қалаға 500-ден аса ағаш көшеттерін отырғызған.
«Қаламыздың адам қызығарлық ажарлы, көрікті болуы – бәріміз үшін зор қуаныш. Бүгінгі таңда отырғызылған барлық ағашты күтіп ұстау, жерсіндіру мақсатында оларды дәрумендермен суарып жатырмыз. Бұл жолда қолданылатын микроэлементтердің адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ, аллергия тудырмайды. Сондай-ақ тұрғындар өтініші бойынша жарамсыз ағаштарды кесу жұмыстары да жүзеге асырылады», дейді «Жасыл қала Қонаев» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Марк Бейдали.
Жаз маусымы басталғалы туристер саны еселеп артатын қаланың тазалығын сақтау үшін күн сайын 150 жұмысшы табанды түрде еңбек етеді. Сонымен қатар 25 техника жұмылдырылған.
Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» науқаны аясындағы бес апталыққа 22 830 тұрғын қатысып, 2 251 ағаш отырғызылды.
Алматы облысы