Оқиға • 31 Мамыр, 2024

Астанада трактор тіркемесі LRT құрылымына зақым келтірді

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 30 мамыр күні ірі техника LRT құрылымына зақым келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада трактор тіркемесі LRT құрылымына зақым келтірді

Фото: Видеодан алынған кадр

«Бүгін LRT құрылыс алаңында жантүршігерлік оқиға болды: трактор эвакуаторы жерүсті құрылымын бұзып, құрылымдардың бірі тракторға құлады. Бір ғажабы, құрылысшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бейне 30 мамыр сағат 21:15-те түсірілген», делінген әлеуметтік желілерде жарияланған видеода.

Өз кезегінде Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Осы жылдың 30 мамырында Howo көлігінің 60 жастағы жүргізушісі үлкен көлемді арнайы техниканы тасымалдай отырып, Қабанбай батыр көшесінің қиылысында Ұлы Дала көшесімен жүріп, LRT құрылымына зақым келтірді, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл факт бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, материал әкімшілік сотқа берілді», делінген хабарламада.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті