Елорда • 31 Мамыр, 2024

Елордада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік рәміздер күніне орай 2 маусым күні елордадағы «Астана Триатлон» саябағында «Толағай» алыптар сайысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлы даланың батырларын насихаттап, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өткізілетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай елордалық спортшылар бақ сынай алады.

р

Білекті батырлар сайыстың 5 түрі бойынша яғни, 1,5 м ұзындықтағы темірді мойынға салып майыстыру, салмағы 100 келілік тасты межелі қашықтыққа дейін апару, 130 келі ауыр бөренені желкеге салып отырып-тұру, 200 келілік жүк артылған арбаны сүйреу, он келілік найзаны қашықтыққа лақтыру сияқты ерекше сайыс түрлері бойынша сынға түседі.

«Бұл сайыс қыркүйек айында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Астана қаласы бойынша іріктеу кезеңі болып саналады. Яғни, бес сайыстың қорытындысы бойынша анықталған үздіктер алдағы республикалық турнирде бақ сынайды», дейді ұйымдастырушылар

Жарыстың ашылу салтанаты 2 маусым күні сағат 16.00-де, қатысушыларды тіркеу жарыс күні сағат 14.00-де жоспарланған.

р

Айта кетейік, жалпы жүлде қоры бір миллион теңгені құрайтын турнир Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елорда төрінде екінші мәрте өтеді.

 

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті 

Соңғы жаңалықтар

Мейірім маршы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Бұйырған кетпейді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Ең төменгі нота

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:02

Қолдан көлік құрастырған

Өнер • Бүгін, 08:00

Қолөнершілер бас қосты

Қоғам • Бүгін, 07:55