Қоғам • 31 Мамыр, 2024

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғындарының сыйлық сертификаттары тұрғын үй жинақтарына айналдырылды

97 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларын қорғау күні қарсаңында «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - Отбасы банк кішкентай салымшыларының жинақтары туралы мәліметтер келтірді, деп жазады Egemen.kz

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғындарының сыйлық сертификаттары тұрғын үй жинақтарына айналдырылды

Фото: inform.kz

Өткен жылдың күзінде бүкіл ел Қазақстанның 20 миллионыншы азаматтары атанған балаларды құттықтағаны белгілі. Сол кезде дүниеге келген қазақстандықтар мен олардың ата-аналарын Отбасы банк те қолдады. Әр балаға номиналы 2 000 000 теңге болатын сертификаттар табысталды. Жаңа туылған балалардың ата-аналары аталмыш сертификаттарды іске қосып, қаражатты жинау және одан әрі баспана сатып алу үшін сәбилердің жинақ шоттарына ақша аударғаны белгілі болды. Арасындағы бір отбасы төртінші бала болып туған ұлдардың сыйлық қаражатын барлық балаларының арасына әділ бөліп, оларды Отбасы банкіндегі шоттарына аударған.

Осылайша бұл балалар Отбасы банкінің жас салымшыларының қатарын толықтырды. Бүгінгі таңда банкте 18 жасқа дейінгі балаларға 360 000 жинақ шоты ашылған.

Биылғы жылдан бастап Отбасы банк қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға ғана емес, білім алуға да қаражат жинақтауға көмектеседі. Оны «AQYL» депозитінің көмегімен іске асыруға болады.

Қазіргі таңда Отбасы банктегі «AQYL» депозитінің ең кішкентай иесі  – Ақтаулық екі апталық нәресте. Ол отбасындағы төртінші бала. Жуырда ғана ата-анасы Отбасы банк көмегімен баспана алып, қоныс тойларын атап өткен. Енді олар болашақта баласының сапалы білім алуы үшін банкте қайта шот ашып, ақша жинауға кіріскен.

«AQYL» депозитінің ең үлкен салымшысы  – Жаңаөзеннің 60 жасар зейнеткері. Ол жинақталған ақшасын 3 жасқа енді толған немересіне табыстауды көздеп отыр. Әжесі бұл қаражат үйдің кенжесі жақсы білім алуына көмектесетініне сенімді.  

Сондай-ақ, «AQYL» депозиті көпбалалы отбасылар арасында өте танымал.  Отбасы банкте  бес, алты немесе жеті баласы бар отбасылар білім алу қаражатын өтеуге мақсатталған шоттар ашып жатыр. Мысалы Таразда тұратын ерлі-зайыпты «AQYL» депозитін ашу бойынша жақында рекорд орнатты. Үш қыз және бес ұл тәрбиелеп отырған отбасы 8 баласының әрқайсысына білім депозитін ашқан.  

Балаларының болашағын өзгелермен салыстырғанда ең көп ойлайтын ата-аналар Шымкентте, Маңғыстау облысы мен Алматыда тұрады екен. Өйткені, дәл осы өңірлерде білім алу депозиттері басқа өңірлерге қарағанда жиірек ашылады екен.  

«Осы жылы Отбасы банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болды. Енді біз қазақстандықтарға тұрғын үйге ақша жинап қана қоймай, білім алуға қаражат үнемдеуге де көмектесеміз. Мамыр айындағы соңғы қоңырау кезінде және балаларды қорғау күні қарсаңында біз жаңа өнімімізге деген үлкен сұраныс пен қызығушылықты көріп отырмыз. Күн сайын қазақстандықтар 150-ге жуық білім беру депозиттерін ашады. Төрт айдың ішінде, ақпаннан мамырға дейін, бізде 17 000 «AQYL» салымшары ашылды. Бұл – ата-аналар ұлдары мен қыздарының болашақ тәрбиесіне саналы түрде қарайды деген сөз. Біздің жаңа өніміміз олардың көңілдерінен шықты. Мысалы, қазір Отбасы банкіндегі «AQYL» депозиттерінің бірінде жинақтардың ең көп сомасы 2,4 млн теңгеге тең», деп «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова түсіндіріп өтті.

«AQYL» депозитіне қаражатты алдын ала, жоспарлы түрде жинақтай отырып, болашақта қазақстандық немесе шетелдік білім беру ұйымдарында оқу ақысын төлеуге болады.

«AQYL» салымын 3 жыл немесе 5 жыл мерзімге ашылады. Егер депозит кемінде үш жыл мерзімге ашылатын болса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 12%-ға тең (ЖТСМ 12,9%-дан 13,1%-ға дейін). Егер депозит кемінде 5 жылға ашылатын болса,  онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 9,5%-ға тең (ЖТСМ 9,5%-дан 10,1%-ға дейін).

Ең маңыздысы, банк қосқан сыйақы ай сайын капиталдандырылады. Бұл банк пайызы депозит сомасына қосылатындығын және келесі айда осы ақшаға жаңадан сыйақы есептелетінін білдіреді.

Бұл депозиттің ең үлкен артықшылығы. Мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі және капиталдандырылуы жиынтық түрде салымды тиімді түрде көбейтеді.   

Мысалы, егер сіз үш жыл бойы ай сайын 20 мың теңгеден салып отырсаңыз, онда «AQYL» депозитіндегі жинақтар, өз салымдарыңызды есептемегенде, шамамен 250 мың теңгені құрайды. Егер сіз он жыл бойы ай сайын 20 мың теңгеден салсаңыз, онда өз салымдарыңызды есептемегенде, депозиттегі қаражат шамамен 4 млн теңгені құрайды.

Балалардың біліміне қаражат жинақтау кезінде мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

-  жыл сайын салымшылардың барлық санаттары үшін 5% мөлшерінде сыйлықақы қосылады;

- жыл сайын жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы және табысы төмен отбасылардың балаларына ашылған депозиттерге 7% мөлшерінде сыйлықақы қосылады.

Мемлекеттік сыйлықақы есептелуі үшін салым бір жыл жинақталуы тиіс.

«AQYL» депозитін ашу кезіндегі міндетті бастапқы жарна мөлшері 3 АЕК-ке немесе 11 076 теңгеге тең (2024 жылы). Әрі қарай, депозитті ай сайын толықтыру мөлшерін салымшы өз бетінше белгілейді.

«AQYL» депозитін қалай ашуға болады?

- Баспана маркет порталындағы (otbasybank.kz) жеке кабинетте;

- банк бөлімшелерінде;

- банктің кеңес берушілері көмегімен. Олардың тізімін банк сайтында табуға болады.

- банк сайтында бейне-қоңырау қызметіне тапсырыс беру арқылы;

- Отбасы банктің «Otbasy bank lite» жаңа мобильді қосымшасында.

«AQYL» депозитінің артықшылықтары:

- мемлекет пен үшінші тұлғалардың өндіріп алуларынан қорғалған, яғни бұл шотты бұғаттау немесе одан қаражат алу мүмкін емес.

- Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорында сақтандырылған;

- грантқа ие болған жағдайда, жинақтау депозитін жауып, мемлекеттік сыйлықақымен бірге жинақ ақшаның бүкіл сомасын алуға болады. Сондай-ақ, шотты басқа балаға қайта ресімдеуге немесе магистратураға түсу мақсатында жинақтауды жалғастыруға болады.

- Отбасы банктегі «AQYL» депозитін Ұлттық қордан алынған жинақтармен толықтыруға болады. Биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар осы төлемдерге иелік ете алады. Оны «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында enpf-otbasy.kz платформасында іске асыруға болады.