Саясат • 01 Маусым, 2024

Ортақ іске арналған отырыс

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь астанасы Минск қала­сында екі ел Үкімет басшы­лары­­ның бірінші орынбасарлары Роман Скляр мен Николай Сноп­ков­тың төрағалығымен сауда-эко­но­ми­ка­лық ынты­мақтастық жөнін­­­дегі Қазақ­стан-Беларусь Үкімет­ара­лық комис­сиясының 18-оты­рысы болды.

Ортақ іске арналған отырыс

Іс-шараға екі елдің жауапты мемле­кет­тік органдарының өкілдері қатысты. Нәти­же­сінде, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, білім және ғылым сияқты негізгі сала­лардағы ынтымақтастық үшін жаңа мүм­кін­діктер ашатын хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіптік коо­­перацияны одан әрі нығайтудың үлкен әле­­уетіне ие болғандықтан, өнеркәсіп сала­­сын­дағы өзара іс-қимылға ерекше назар ауда­­рыл­ды. Екі ел экономикасы үшін ма­­ңызды саналатын көлік және құ­ры­лыс са­­ла­­сындағы бірлескен жобалар да ай­қын­­­далды.

Білім және ғылым саласындағы бірлес­кен­­­­ жұ­мыс жас ғалымдар мен мамандар үші­н­ жаңа мүм­кіндіктер ашады. Тәжірибе мен­­ ин­но­­­ва­­циялық идеялар алмасуға ықпал етеді.