фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Ербол Ізбергенов тағайындалды. Ербол Күрентайұлы Ізбергенов 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы инженер-құрылысшы. «Іскерлік басқару» магистрі.
Еңбек жолын 1991 жылы «Маңғыстаумұнайгазбарлау» кешенді экспедициясы құрылыс-жинақтау учаскесінің тас қалаушысы қызметінен бастаған.
Әр жылдары өңірлік деңгейдегі құрылыс мекемелерінде, Ақтау қаласы әкімдігінде еңбек етіп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінде басқарма басшысы болып еңбек еткен.
2019-2020 жылдары «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймақ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін «Атамекен» республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры болды.
2020-2023 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімінің лауазымдарын атқарды.