18 Маусым, 2010

125 БАЛЛ ИЕГЕРІ АСТАНАДА

751 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда еліміздің білім саласында қай жағынан болсын айтарлықтай жетістіктер мен ерекшеліктеріміз жетерлік. Со­ның бірі – жалпы орта білім беру жүйесіне бірыңғай ұлттық тес­тілеу әдісінің енуі. Осы жағдайға байланысты, әр жылдың түлек­тері белсенділік танытып, жоғары оқу ордасының табалдырығын аттауға талпынады. Себебі, өмір талабы осы, оқыған – озар, оқы­маған – тозар. Бұл талап оқу­шылар мен ата-аналар тарапынан жылдық оқу бағдарламасын қайталау, қосымша сабақ, арнайы дайындалған үдемелі сабақтар алу сияқты сұраныс тудыруда. Мұндай сұранысты қанағат­тан­дыру мақсатында, елімізде қазір білім беру орталықтары құлшына қызмет істеуде. Соның бірі, Астана қаласында қызмет етіп отырған “Астана-Достық” білім беру орталығы. “Ас­тана-Достық” білім беру ор­талығы қоғамдағы осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында 2003 жылы құрылып, сол уақыттан бері мектеп бітіруші түлектерге қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі, математика, ағылшын тілі, жалпы тарих, география, хи­мия, биология, физика тәрізді пә­ндер бойынша ҰБТ-ге дайын­дық курсын жүргізеді. Білім беру орталығында дайындық мемле­кеттік және орыс тілдерінде жүр­гізіледі. Осы дайындық курсы қорытындысының жылдан жылға жемісін беріп келе жатқаны, міне, биыл тағы да дәлелденді. Яғни, 4 маусымда өткен ҰБТ нәтижесінде Астана қаласы бойынша “Астана-Достық” білім беру орталығында қаладағы мектептерден қатысқан 300 бітіруші түлектің ішінен Са­ғындық Ғизат Саматұлы 125 сұ­рақтан 125 баллды қанжығасына байлаған болатын. Сағындық Ғи­зат Саматұлы қаладағы №40 Ә.Марғұлан мектебінің бітіруші түлегі, “Алтын белгі” үміткері. Сағындық Ғизат білімінің жемі­сіне көптеген ұстаздарына, білім беру орталығына, сонымен қатар математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Базарбаевқа ерекше алғысын білдіреді. Жас түлектің ойы – жоғары оқу орындарының біріне техникалық мамандық бойынша қабылданып, білімін шыңдап еліміздің техникалық саласына зор үлесін қосу. Ал, “Астана-Достық” білім бе­ру орталығының басшысы Зафер Суслу “Достық” білім беру орта­лығы, әрбір келген шәкірттің талабын шыңдап, жол ашуға үлкен үлес қосады. Мұндағы әр бала алған білімін қуанышпен ал­ып, жетістікпен қайтаруда. Осы­ның нәтижесі міне, Ғизат атты талапкердің көрсеткен көрсет­кі­ші және ұстаздардың ерекше ықы­ласы, талмай еткен еңбегінің арқасы деп білемін. Мұғалім ба­қыты – шәкірт құрметі демекші, бұл орталықта аянбай қызмет іс­теп, осындай шәкірттерді тәрбие­леп келе жатқан ұстаздың да ең­бегін айтпай кетуге болмас. Се­бе­бі, әр тақырыпты өткеннен кейін арнаулы тақырыптық тест (АТТ), айдың соңындағы қорытындылау үшін пәндік ПҚТ (пәнді қайталау тесті) тест, байқау арқылы білімді шыңдай шынықтыруға, күні-түні еңбек етудеміз. Оқытушы­лары­мыз­дың білім деңгейі өте жоғары. Біз балаларға біліммен қоса спорт жағынан да көңіл бөлеміз. Волей­бол, баскетбол сынды спорт түрі­мен уақытты қызықты өткізуге бір­дей атсалысамыз. Орталықта білім алу қазіргі талапқа сай, мұн­да оқы­ған әр талапкердің көңілі өш­пес, ұмытылмас уақытпен тең”, – деп ойын ашық жеткізген ол қуа­нышын жасырмады. Әрине, же­ңіс оңай келмейді. Оған тек са­палы білім мен білімді ұстаз қажет. Қазақтың тағдыры, келешекте еңселі ел болуы да мектебінің қан­дай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді, білім ор­талықтарымызды таза, берік һәм өз жанымызға, қазақ жанына үй­лесетін негізде құра білсек, ке­ле­шегіміз үшін тайынбай-ақ серт­тесуге болады. Осындай білім ор­да­ларының жемісі жақсы жағы­нан көріне берсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Біз, жас түлекке сәтті сапар, жа­ңа қадамына құт тілейміз! Ал, “Астана-Достық” білім беру ор­талығынан “Білімді мыңды, бі­лек­­ті бірді жығады” дегендей та­лай үздік шәкірттің шығатынына сенім арта отырып, халықтар ара­сында бірлік пен ынтымаққа дә­не­кер болуды көздеген бұл орта­лықтың келе­ше­гі кемел деп білеміз!