Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында танымал қытай актерінің ризашылығын алғанын жасырмады.
- Осы жоба басталмас бұрын Нұргүл Даубаеваның таныстары арқылы Қытаймен байланысқа шығып, Джеки Чанды шақыруға оқталдық. Бір сахнаға 600 мың доллар сұрады. Өкінішке қарай, ол кісінің кестесі 1 жыл алға жазылып қойған екен. Сонымен сәті түспеді, – деді актер.
Сонымен қатар актер Джеки Чанның киноға түсуге келісім бергенімен, уақыты болмағанын алға тартты.
- Джеки Чан мырза Қазақстанды қатты сыйлайды екен. "Әсіресе, Димаштан кейін Қазақстанды қатты жақсы көріп қалдым, халқы қонақжай. Өкінішке қарай, кестем сәйкес келмейді. Бірақ қыркүйек айының 15-іне қарай түсіп бере аламын" деді. Ал біз түсірілімді күзге қалдыра алмадық, – деді әзілкеш.