Фото: CC BY-SA 3.0 / Yuriy75
Адыраспанды Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі айыппұл салу көзделген.
Аталған елге ірі мөлшерде адыраспан тасымалдағандарды 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Бас прокуратура демалыс кезінде Ресей Федерациясымен қарым-қатынас артатындықтан Қазақстан азаматтарына мемлекеттік шекарадан адыраспан алып өтпеуді ескертті.