Әлем • 06 Маусым, 2024

Жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, төрт адам көз жұмды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 маусым күні Чехияның Пардубице қаласында Regiojet жолаушылар және жүк пойызы соқтығысты, деп жазады Egemen.kz.

Жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, төрт адам көз жұмды

Фото: SCANPIX/EPA/JIRI SEJKORA

Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, 26 адам зардап шекті. Бұл туралы Қала губернаторы Мартин Нетолицки жазып, құтқару жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Жараланғандардың ішінде 20 адамның жарақаты жеңіл екені мәлім болды, ал үш жолаушының жағдайы орташа ауыр.

Regiojet жеке теміржол компаниясының түнгі экспрессі Чехия астанасы Прагадан Словакияның Кошице қаласына бара жатқан.

Жүк пойызы кальций карбидін тасымалдап бара жатқан. Апаттан химиялық қосындылар төгілмеген.

ČT24 ақпараттық арнасының хабарлауынша, апат Прагадан шығысқа қарай 100 шақырымдай жерде орналасқан Пардубице қаласындағы бас вокзал маңында болған.

Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Ал Zdopravy.cz порталы апаттан екі пойыз машинисі де аман қалғанын және төтенше жағдайға RegioJet пойызының қателігі себеп болуы мүмкін екенін жазды.