Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен қабылдаушы тараптың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері таулы жерлерде оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін пысықтайды.
«Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу туралы шешім осы жылдың сәуір айында Душанбеде өткен штабтық келіссөздерде қабылданған еді. Кездесуде тараптар Орталық Азия өңіріндегі террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне байланысты әскери-саяси жағдайды, қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талқылады. Осыған сәйкес оқу-жаттығудың мазмұны әзірленіп, таулы жерде ұрыс жүргізу тәсілдері моделденді», деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрілігінің өкілдері.
Оқу-жаттығуларды өткізу мақсаты - бөлімшелердің далалық дағдыларын жетілдіру, таулы жерде арнайы іс-шараларды орындау кезінде командирлердің бөлімшелерді басқаруда тәжірибе алуы, сондай-ақ екі ел Қарулы күштерінің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу.
Айта кетейік, оқу-жаттығу 9 маусымға дейін өтеді.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті