Қылмыс • 06 Маусым, 2024

«413 млн теңгені ұрлау ісі»: Сот Ақтөбедегі мектеп директорына үкім шығарды

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе №2 соты №55 орта мектеп-гимназиясының директорын ұрлық жасау ісі бойынша және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«413 млн теңгені ұрлау ісі»: Сот Ақтөбедегі мектеп директорына үкім шығарды

Фото: istockphoto.com

Естеріңізге салайық, биыл ақпан айында сот мектеп бухгалтеріне 413 822 951 теңгені ұрлағаны үшін үкім шығарып, ол жеті жылға сотталған еді. Сондай-ақ ол 10 жылға материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылған болатын.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел ЭЦҚ кілтін бас бухгалтерге берген, ол 413 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлаған. Бұдан басқа, ол кейбір мұғалімдерге қосымша жалақы аударуға негізсіз өкім етіп, олар өз кезегінде оған ақша берген.

Хабарламада: «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза түпкілікті белгіленді»,  делінген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.