Фото:Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Биыл 17-19 маусым аралығында тойланатын мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі қарсаңында елорда базарларында құрбандық шалатын орындардағы санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді.
Құрбандық шалатын орындар:
- «Шанхай» базары;
- «Баракат» базары (көшесі А-369, 10);
- «Жайлау» базары (С-754 көшесі, 1 корпус);
- «Шолпан-ата» базары (Алаш тас жолы, 27/2);
-
Железнодорожный тұрғын алабы (Ақжар к-сі, 20).
Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері, сатушылар және сою орындарының иелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауға міндетті. Осылайша, ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережеге сәйкес берілген тіркеу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет комбинаттарында немесе сою учаскелерінде жүргізілуі тиіс.
«Бүгін біз мал сою орындарының иелерімен ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын талқылау мақсатында жиын өткіздік. 2 санатты рұқсаты жоқ жерлерде мал союға тыйым салынады», деді мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, бас маман Мелис Қайнұлдаев.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті