Өткен аптада Қазақстанның қаржы саласында бір қарағанда қатардағы да қалыпты, ал іс жүзінде өте маңызды оқиға болды: Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі жуырда ғана қарыздарын қайта құрылымдаудан өткен Альянс Банкінің рейтингтерін өсірді. Бұл оқиғаның Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін қандай маңызы бар екендігі туралы осынау қаржы ұйымы Басқармасының Төрағасы Мақсат Қабашевпен әңгімелескен едік.
– Мақсат Рақымжанұлы, біріншіден, біздің құттықтауымызды қабыл алыңыз. Сіздің банк үшін халықаралық рейтинг агенттігінің бұл бағасы нені білдіреді, ол атап айтқанда, шетелдік инвесторлардың, тұтастай алғанда банк үшін және Қазақстан экономикасы үшін қатынастарының өзгеруінде қандай рөл атқарады?
– Құттықтауыңыз үшін рахмет, біз шын мәнінде мұндай жаңалық үшін өте қуаныштымыз. Өзіңіз біліп отырсыз, Standard&Poor's бізге ұзақ мерзімді контрагенттің несиелік рейтингін өзгертіп, оны “В-”-ға дейін және қысқа мерзімді контрагенттің несиелік рейтингін “С”-ға дейін өсірді. Сонымен бірге банкке ұлттық шкала бойынша “kzBB-” деңгейінде рейтинг берілді. Рейтингтер бойынша болжам – “Тұрақты”. Таяудағы уақытта біз басқа халықаралық агенттіктердің жаңа рейтингтер беруін күтіп жүрміз. Қазіргі кезде Банк үшін қандай да бір күтпеген жәйттер болуы мүмкін емес, бізде бәрі болжанған және бірнеше жылға алдын ала жоспарланған. Осының бәрі – көптен күткен тұрақтылығымыз да, аса беделді рейтинг агенттігі осындайлық жоғары бағалаған болашаққа деген сенімділігіміз де – тікелей мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізген табыстарымыз екенін айрықша атап өткім келеді. Тіпті, агенттіктің өзі де Альянс Банкіне жаңа рейтингтердің берілуіне түсініктеме жасағанда Альянс Банкі рейтингінің деңгейіне оның 100% мемлекетке тиесілі және Үкімет атынан іс-қимыл жасайтын “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат мемқорымен тығыз байланыста болуы оң ықпал еткенін атап көрсеткен. Standard&Poor's уақыт өте келе Альянс Банкінің банк қызметі рыногындағы – бөлшек-сауда және шағын бизнес сегментіндегі ұстанымы нығаюы тиіс деп санайды. Қазіргідей күрделі уақытта мұндай оң да оптимистік бағаны біз қымбатқа балаймыз, агенттік мамандарына банкте әзірленген даму стратегиясы ұнағанына өте қуаныштымыз.
– Алайда агенттіктің түсініктемесінде келеңсіз жәйттер: бірінші кезекте қоржынның жартысынан астамын құрайтын проблемалық несиелердің төтенше жоғары үлесі туралы да айтылған ғой?
– Әлбетте, біз өзіміз оптимизмге де, пессимизмге де салына алмаймыз, біз әр нәрсеге нақтылықпен қарауға тиіспіз. Ал ахуал мынадай, бізге проблемалық қоржынмен жұмыс істеп, провизияларды босату, банктің өз капиталын ұлғайту керек. Бүгінгі кезге дейін атқарылғаны – қарыздың қайта құрылымдалуы жүргізілді, құрылым оңтайландырылды, жеке тұлғаларды да, бизнесті де несиелеу жалғастырылды, депозиттік база біртіндеп ұлғайып келеді – мұның бәрі біздің одан әрі дамуымыз үшін бастапқы алаң ғана. Біз тоқтап қалмақ емеспіз. Біздің болжамымыз ұстамды да сенімді: біз ешқандай да секірісті күтпейміз, рынокта агрессияшыл саясат жүргізбек емеспіз – біз тәуекелдерді сарабдалдықпен бағалап, қол жететін мақсаттарды таңдап ала отырып, осы заманғы әлемде банк қалай жұмыс істеуге тиіс болса, солай жұмыс істеп келеміз.
– Солай болса-дағы проблемалық несие қоржыны туралы сұрағым келеді – жуырда баспасөзде сіздер миллиард доллар дерлік қарызды есептен шығарып, кешіреді деген ақпарат пайда болды...
– Бәлкім, жай ғана бір түсінбестік туған болар. Қарызды қандай да бір кешіру туралы қазір сөз болмайды. Қаржы саласында жалпы “қарызды кешіру” дейтін түсінік жоқ. Егер сіздің клиентіңіз банкрот болса, немесе еңсеруге болмайтын, форс-мажор дейтін жағдайға орай, қарызды немесе оның бір бөлігін талап ету мүмкін болмайтын ахуал қалыптасып жатады. Бізге де, айта кетейік, қайта құрылымдау үдерісінде ешкім ештеңені кешірген емес – займның мерзімін ұзарту, дисконтты қолдану арқылы қарыз салмағын жеңілдету үшін түрлі тетіктер қолданылды – бірақ бұл қарызды “есептен шығару” емес, бұл қайта құрылымдаудың нақ өзі. Сондықтан да біз өтеуге байланысты проблема туындаған клиенттерге қайта құрылымдау ресімінен өтуді ұсынамыз – жеке тұлғалар үшін де, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін де қажет тұтас бағдарламалар әзірленіп, әрекет етуде. Біз клиенттермен, ол “аяғынан тұра алып”, өтеу кестесіне оралуы үшін барлық мүмкін болатын жағдайларды жасай отырып, дербес жұмыс істейміз: пайыздық ставкаларды төмендетеміз, пеня мен айыппұлды есептен шығарамыз, мерзімді ұзартамыз. Алайда проблемалық несиелік қоржынмен жұмыс бір күнге де кідіртілмейді және тоқтатылмайды. Ал енді миллиард доллар дерлік қарызды есептен шығаруға келетін болсақ, бұл енді таза бухгалтерлік ресім – біз баланс үшін есептен шығару ғана болмаса, банктің залалына ешқандай есептен шығаруға бармаймыз. Бұл есептен шығару банктің өзіне, оның есептілігіне қатыстылықты ғана білдіреді – проблемалық несиелердің өздері баланста ілініп тұрмауы үшін солай ету керек, ал енді мұндай проблемалық клиенттермен жұмысты біз еш доғармаймыз. Реті келгенде айта кетейін, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Заңының 37-бабына сәйкес банктердің қарыз алушыларға кредиттік шарттарды ойдағыдай атқармағаны жөнінде банктің талаптарына келіспеушілік және талап ету өтініштеріне мерзімі өткендік таралмайды.
Әңгімелескен Дамир САДЫҚАНОВ.