Фото: instagram/almaty_police_department
Күдіктілер қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген екен.
«Ең үлкені 42 жаста, ең жасы 32 жаста. Олар автобус жолаушыларынан ұрлап алған гаджеттерді сатып үлгермеген. Айғақты заттар тәркіленді. Ұсталғандар қылмыстарын мойындады. Олардың жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.