Аймақтар • 07 Маусым, 2024

Талдықорғандық полицей 11 жасар баланы құтқарып қалды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында полицей суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Талдықорғандық полицей 11 жасар баланы құтқарып қалды

Фото: polisia.kz

6 маусымда сағат 15:43 шамасында Санат Серікқалиұлы қаладағы саяжайлардың бірінде демалыста жүргенде суға батып бара жатқан 11 жасар баланы аман алып қалды. 

Патрульдік полицияның рота инспекторы өзенге жеткенде жасөспірім демала алмай, көгеріп кеткен болатын. Ол баланы судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсету арқылы дем алысын қалпына келтірген. 

Одан соң бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер полиция қызметкерінің дер кезінде көрсеткен кәсіби әрекеті баланың өмірін сақтап қалғанын растады.

«Менің бұл әрекетім таңғаларлықтай батырлық емес, кез-келген адамның жасайтын әрекеті деп ойлаймын. Мен өз міндетімді атқардым. Адамдарды қорғау мен көмекке келу менің басты парызым», деді Санат Серікқалиұлы.