Қоғам • 07 Маусым, 2024

Таңғы аста бас қосты

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның мәдениет, өнер және БАҚ саласы мен дипломатиялық корпус өкілдері елордадағы түрік таңғы асында бас қосты, деп жазады Egemen.kz.

Таңғы аста бас қосты

Жыл сайын маусымның бірінші жексенбісінде атап өтілетін ЮНЕСКО тарапынан жарияланған Дүниежүзілік таңғы ас күніне орайластырылған  «Түрік таңғы асы» атты іс-шараға Түркияның Астанадағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мен оның жұбайы Аху Капуджу да қатысты.

Іс-шара аясында дәстүрлі түрік таңғы асымен қатар Түркияның Ризе провинциясынан арнайы әкелінген түрік шайы да ұсынылды. «Лазика» шай компаниясының сату жөніндегі үйлестірушісі Серай Сары түрік шайының тарихы мен дайындалу тәсілдеріне арналған презентация ұсынды.

Өз кезегінде сөз алған елші Мұстафа Капуджу дүниежүзілік «таңғы ас күні» алғаш рет Түркияның Ван аймағында атап өтіле бастағанын айтып, сондай-ақ таңғы астың мәдени маңыздылығын атап өту әрекеті қазір жаһандық іс-шараға айналғанын жеткізді. Оның айтуынша, түрік мәдениетінде таңғы ас ерекше орын алады. Яғни түрік таңғы ас жәй ғана тамақтану ғана емес, бұл отбасылар мен достарды біріктіретін құнды дәстүр.

оо