Қоғам • 07 Маусым, 2024

Зағип жандарға арналған кітапханаларда 1 млн кітап бар

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі арнайы кітапханалар туралы сандық деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Зағип жандарға арналған кітапханаларда 1 млн кітап бар

Фото: baq.kz

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған 17 арнайы кітапхана, оның ішінде 1 республикалық, 7 облыстық, 4 қалалық, 2 филиал, 3 арнайы бөлім жұмыс істеп тұр, оқырмандары 49 272-ге, келушілер саны 423 860-қа жеткен. Республикалық кітапхана ел бойынша 16 мамандандырылған кітапханаға әдістемелік орталық ретінде қызмет етеді. Арнайы кітапханалардың жалпы қоры 1 010 076 кітапқа жеткен. Кітап қоры өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға өскен.

Айта кетсек, зағип жандар мен нашар көретіндердің және олардың отбасы мүшелерінің рухани дамуына көмектесетін бірегей мәдени орталық – арнайы кітапханалар кітап оқуды насихаттап, қазақ жазушыларының үздік шығармаларын дәріптеп келеді және жеткіншектердің оқуға қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.