Кездесуге қатысушылар Үкімет назарындағы әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін, әлеуметтік сала проблемаларын әзірлеу мен бейімдеуге БҰҰДБ-ның қолдау білдіруі мәселесін талқылады. Талқылау барысында әлеуметтік қорғау саласында БҰҰДБ қолдауымен қол жеткен аса маңызды нәтижелер қаралды.
Сарапшылар сонымен қатар іске асып жатқан жобалар мен бағдарламалардың тиімділігін, оның ішінде мерзімінің сақталуы мен бюджетін, сапасы мен уақтылы іске асуын бағалаудың маңыздылығын атап өтті. Жобаларды іске асыру барысында туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары, сондай-ақ жобаларды қолдау мен басқаруды жақсартудағы БҰҰДБ-ның мүмкіндіктері қаралды.