17 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасының Заңы № 279-V ҚРЗ

394 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Респуб­ликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақ­стан» және «Казахстанская правда» газет­терінде жарияланған «Қазақстан Ре­с­пуб­ликасының кейбір заңнамалық акті­леріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 292 және 294-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энер­гетикалық тізілімге енгізілетін ақпа­рат­ты ұсыну жөніндегі міндетті, энерге­тика­лық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша бел­гі­ленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы»; «294-бап. Энергия үнемдеу және энер­гия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу»; 295-баптың тақырыбы алып тасталсын; 296-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орта­лық­тарының қызмет тәртібін сақтамау»; 2) 292-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «292-бап. Мемлекеттік энергетика­лық тізілім субъектілерінің Мемлекет­тік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қоры­тындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы 1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энерге­тикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнім­нің, үйлердің, құрылыстар мен ғима­раттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын тө­мендету туралы талапты энергия аудитінен өткеннен кейін бес жыл ішінде бұзуы – »; 3) 294-бапта: тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу 1. Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тіз­бектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуа­ты 25 Вт және одан да жоғары электр қыз­дыру шамдарын сату және пайдалану –»; үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеден одағының техникалық регла­ментіне сәйкес техникалық құжатта­ма­сында және этикеткаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпарат қамтылмаған энергия тұтынатын құрылғыларды сату және (немесе) пайдалану –»; 4) 295-бап алып тасталсын; 5) 296-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «296-бап. Қазақстан Республика­сы­ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңна­масында белгіленген энергия аудитін жүр­гізу тәртібін, оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау 1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орта­лық­тарының қызмет тәртібін сақтамау –»; 6) 690-баптың бірінші бөлігіндегі «295,» деген цифрлар алып тасталсын. 2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат): 1) 1-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) аккредиттеу туралы куәлiк – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғалардың энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу құқықтылығын куәландыратын ресми құжат;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толық­тырылсын: «1-1) Біліктілік комиссиясы – энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі орган;»; 4) тармақшадағы «Қазақстан Республи­касының Үкiметi» деген сөздер «энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;»; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толық­тырылсын: «5-1) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) энергетикалық тиімділік – өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну;»; мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын: «12-1) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүргізу құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға; 12-2) энергия аудиторы – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға; 12-3) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;»; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеу – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану рәсiмi;»; 16) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толық­тырылсын: «16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға;»; 18) тармақша алып тасталсын; 2) 5-бапта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру тәртібін бекітеді және оны жүргізуді ұйымдастырады;»; 6-3) тармақша алып тасталсын; 6-8), 6-10), 6-11) және 6-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6-8) технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;»; «6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін бекітеді; 6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғима­раттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;»; «6-13) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындайды;»; мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 13-4) және 13-5) тармақшалармен толықтырылсын: «13-1) оқу орталықтарына, энергия аудиторларына және сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 13-2) энергия аудиторларының және сарапшылардың тізілімін жүргізеді; 13-3) энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 13-4) Біліктілік комиссиясын құрады; 13-5) Біліктілік комиссиясының қызмет тәртібін әзірлейді және бекітеді;»; 14) тармақша алып тасталсын; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) оқу орталықтарының тізілімін қалыптастырады;»; мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын: «15-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 15-2) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;»; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемле­кеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;»; мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толық­тырылсын: «17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекітеді;»; 18) тармақша алып тасталсын; 3) 6-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 7-баптың 1-тармағында: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) энергия аудитiнiң жүргізілуіне, оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуына;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толық­тырылсын: «4-1) энергия менеджменті жүйесі­нің құрылуына, енгізілуіне және ұйым­дастырылуына;»; 5) 9-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) энергия менеджменті жүйесінің ұлттық немесе халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесін;»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттiк мекемелер үшiн 3), 4), 6) және 6-1) тармақшаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерi жыл сайын бiрiншi сәуірге дейiнгі мерзімде қағаз және электронды жеткiзгiштерде Мемлекеттiк энер­гетикалық тiзiлiм операторына ұсынады.»; 6) 10-бап алып тасталсын; 7) 11-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 13-бапта: тақырыбындағы «өндіру,» деген сөз алып тасталсын; 1-тармақта: 1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүм­кiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын сатуға және пайдалануға;»; «3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөндеу жүргізілетін) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заң­намасында белгі­лен­ген талаптарға сәйкес келмейтін технологиялар мен материалдарды сатуға және пайдалануға; 4) Кеден одағының техникалық регла­ментіне сәйкес энергия тиімділігінің сыныбы және сипаттамалары туралы ақпаратты қамтымайтын энергия тұты­натын электр құрылғыларын сатуға және (немесе) пайдалануға;»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақта көзделген шектеулер жеке тұлғаларға қолданылмайды.»; 9) 14-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттелетiн қызмет түрлерiне жатады.»; 2-тармақтағы «Қазақстан Респуб­ликасының Үкiметi» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың бесінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ұсынылған ақпараттың қызметтiң мәлімделген түрін жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi;»; 4 және 7-тармақтар мынадай редакция­да жазылсын: «4. Уәкілетті орган берген аккредит­теу туралы куәлік Қазақстан Респуб­лика­сының бүкіл аумағында жарамды.»; «7. Энергия аудитi немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін заңды тұлғаларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленедi.»; 10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама 1. Жаңа объектілерді салуға немесе қазіргі бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуге (кеңей­туге, жаңғыртуға, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, реконс­трук­циялауға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. 2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу: 1) энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынға барабар көрсеткіштен асатын объектілер үшін; 2) қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген және оларды алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша әзірленген бірегей объектілерді салу жобалары бойынша міндетті болып табылады. 3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жобалар бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгеннен және олар бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) басталмаса, онда бұл жобалар іске асырылғанға дейін осы кезде қолданыста болатын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келтірілуге жатады және жаңа кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізілгеннен кейін ғана іске асырылу үшін пайдаланылады.»; 11) 16-бапта: 5-тармақтағы «үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1 және 6-тармақтармен толықтырылсын: «5-1. Ауылдық жерде орналасқан мем­л­екеттік мекемелерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы, балық шаруашы­лы­ғы өнімін өндіруді, дайындауды, сақ­тауды, тасымалдауды, қайта өңдеу­ді және өткізуді жүзеге асыратын агроөнер­кәсіптік кешен субъектілері осы Заң қол­данысқа енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті. 6. Энергия-аудиторлық ұйымдарға: осы энергия-аудиторлық ұйым немесе осы энергия аудитін жүзеге асыратын оның жұмыскерлері (энергия аудиторлары) қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге; соңғы үш жылда энергия менеджментін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) ұсынылған ұйымдарға; энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының (немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын жұмыскерлерге (энергия аудиторларына); энергия аудитін жүзеге асыратын, аудит­телетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар жұмыскерлерге (энергия аудиторларына); энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндет­темелерін қоспағанда, егер ұйым­дар­дың аудиттелетін субъект алдында немесе аудиттелетін субъектінің ұйымдар алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуге тыйым салынады.»; 12) 17-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) оқу орталықтарын құру;»; 13) 18-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiсiнiң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебiнен бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққан­дағы энергия тұтыну үлесін кемiнде он бес пайыз көлемiнде төмендету бойынша мiндеттемелер қабылдауы Келiсiм нысанасы болып табылады. Келiсiм кемiнде бес жыл мерзiмге жасалады.»; 14) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: «18-1-бап. Энергия-сервистік шарт 1. Энергия үнемдеу және пайдаланылатын энерге­тикалық ресурстардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуы мүмкін. 2. Энергия-сервистік шартта: 1) энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде энергия-сервистік компания қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасы туралы; 2) энергия-сервистік шартта белгілен­ген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзімі туралы; 3) пайдаланылатын энергия ресурстарын жыл сайын үнемдеуден алынатын қаражат есебінен жұмыстарға ақы төлеу туралы шарт қамтылуға тиіс. Энергия-сервистік шарт бойынша баға энергия-сервистік шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізуге жоспарланған көрсеткіштер негізге алына отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстар құны немесе өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін төмендету есебінен пайда болатын энергетикалық ресурстарды үнемдеу негізге алына отырып айқындалуға тиіс. 3. Энергия-сервистік шарт тараптардың келісілген, энергетикалық ресурстарды тұтыну (пайдалану) режимін, шарттарын (температуралық режимді, жарықтандыру деңгейін, еңбекті ұйымдастыру, үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды күтіп-ұстау саласындағы талаптарға сәйкес келетін басқа да сипаттамаларды қоса алғанда), энергетикалық ресурстарды өндіру, беру режимін, шарттарын және өзге де келісілген шарттарды энергия-сервистік компаниялардың энергия-сервистік шартты орындау кезінде қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы шартты қамтуы мүмкін.»; 15) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;»; 16) 21-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуға құқылы.»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Энергия-аудиторлық ұйымдар: 1) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн сақтауға; 2) энергия аудитiн жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушы­лықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға; 3) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiл­деден және 15 қаңтар­дан кешiктiрмей, есептi кезең iшiн­де берiлген энергия аудитi жөнiндегi барлық қоры­тын­дылардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi. 5. Оқу орталықтары: 1) оқу орталықтарының Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген қызмет тәртібін сақтауға; 2) энергия үнемдеу және энергия тиiм­дiлiгiн арттыру сала­­сын­дағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қай­та даяр­­лау­ды және (немесе) олардың біліктілігін арт­тыру­­ды жүргі­зу кезiнде уәкiлеттi орган­ның жол берiлген бұзу­шы­лық­тар­ды жою жө­ніндегі нұсқамаларын уақтылы орын­дауға; 3) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiл­деден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, есептi кезең iшiнде берiлген энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өткені туралы барлық құжаттардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қаңтар № 279-V ҚРЗ