фото: gov.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
«Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткі қолдануға арналған құрылғылар, қолданылған ине, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды», деп хабарлады ҚМА.
Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасады.